Қарағанды. 8 қаңтар. 7kun.kz - Қарғанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Carmeuse» бельгиялық тобының президенті, Директорлар Кеңесінің төрағасы Рудольф Коллинетпен кездесіп, Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу жобасы туралы талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1-ші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын көздейді.
Кешенді салу тікелей шетел инвестициясы, яғни Carmeuse Group есебінен жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі - 8 млрд теңге. Жобаны іске асыру 105 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.
Жобаның инновациялығы қолданылып отырған технология тұтынушылардың техникалық талаптарына лайықталған, реакциялық қабілетімен 1-ші сұрыпты жеңіл күйдірілген әрі қатты күйдірілген әк өндіруге мүмкіндік беруін қамтиды.
Атап өтерлігі, аталған жоба өңірлік Индустриаландыру картасына енеді.
Сондай-ақ, әлем бойынша ондаған зауыты бар және металлургиялық өндіріс мақсаттары үшін әк өндірісінде көшбасшы есептелетін Carmeuse Group трансұлттық корпорация болып табылады.
Фото:mirbelogorya.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024