Қарағанды. 12 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның Қорғаныс министрлігі "Казтехнологии" АҚ және «Стил Мануфэктуринг» ЖШС-мен бірлесе отырып, 2015-2017 жылдары оқ зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба 24 млрд теңгеге бағаланды. Зауыт Қарағанды облысындағы "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында (АЭО) салынады. Бұл жөнінде «Стил Мануфэктуринг» компаниясының атқарушы директоры Ержан Белеуханов мәлімдеді.
«Жобаға қажетті инвестиция 24 млрд. 82 млн. 900 мың теңгеге бағаланып отыр. Жүзеге асырылу мерзімі: 2015-2017 жылдар. Шығарылатын өнімдер: 5,45х39; 7,62х54; 9х18; 9х19 калибрлі оқтар. Өндіріс қуаты: жылына бір ауысымда 30 млн дана. Шикізат: отандық өндірушілердің жезі мен қорғасыны», - дейді Е.Белеуханов.
Кәсіпорын бюджеттік құралдардың есебінен салынады. Жобаны жүзеге асыруға 20 млрд. 512 млн. 300 мың теңге бөлінді. Оның ішінде, 2 млрд. 425 млн. 600 мың теңге құрылысқа, 18 млрд. 86 млн. 700 мың теңге техникалық құрылғыларға жұмсалады.
Кәсіпорынның аумағы - 14,6 гектар. Жұмыс орындарының саны - 164. 2019-2032 жылдар аралығында мемлекетке берілетін дивидендтер көлемі 4 млрд. 700 млн. теңгені құрайды. 2018-2032 жылдардағы бюджетке түсетін түсім - 6 млрд. теңге.
Жоспар бойынша, 2015 жылы жобаның жобалық-сметалық құжатнамасы жасалады. 2016 жылы және 2017 жылдың алғашқы тоқсанында технологиялық желі жасалып, іске қосылады. 2017 жылдың екінші тоқсанында құрылыс-монтаждық жұмыстар жасалып, құрылғылар қойылады. Кәсіпорынның іске қосылуы 2017 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024