Қарағанды. 28 сәуір. 7kun.kz - Халықаралық Homsters.kz компаниясының сарапшылары қайталама тұрғын үй нарығындағы Қарағандының ең қымбат пәтерлерінің рейтингін әзірледі. ТОП-5-ке сатылатыны туралы хабарландыру Homsters.kz сайтында жарияланған үйлер кірді деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазақстанның шахтерлар астанасындағы ең қымбат пәтер Кривогуз көшесіндегі тоғыз қабатты үйде орналасқан. Кіреберісінде консьерж жұмыс істейді, тәулік бойы видеобақылаумен жабдықталған. Бес бөлмеден тұратын үйдің жалпы аумағы – 235 шаршы метр. Пәтерде барлық қажетті жиһаз бар (хабарландыруда жиһаз бен сантехниканың, сондай-ақ әрлеу материалдарының Италиядан әкелінгендігі туралы айтылады). Үш жуыну-дәрет алу бөлмесінде және асүйде «жылы еден» қарастырылған. Сонымен қатар сатып алушыларға үш лоджия мен паркингтегі көлік қоюға арналған бөлек орын да ұсынылады. Пәтер бағасы 110,6 млн теңгені немесе $338 мыңды құрайды. Бір шаршы метрінің бағасы – 470 745 теңге ($1440).
Бағасы жағынан рейтингтегі екінші орынға Ержанов көшесіндегі элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтер ие. Жалпы аумағы 208 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі үй ақтық жөндеуді қажет етеді. Пәтер энергиясақтау технологияларын («ақылды» терезелер, ұңғымадан шығатын су, телеметриялық IT-жүйесі бар автономды жылыту жүйесі) пайдалана отырып салынған. Бағасы – 90,9 млн теңге ($278 мың). Бір шаршы метрінің құны – 437 163 теңге ($1336).
Рейтингтегі үшінші орынға Төлепов көшесінің бойындағы тағы да бір төрт бөлмелі пәтер орналасты. Толықтай жиһазбен қамтамасыз етілген, екі жуыну-дәрет алу бөлмесі бар. Жалпы аумағы – 136 шаршы метр. Бағасы – 86,3 млн теңге ($264 мың). Бір шаршы метрінің құны – 634 191 теңге ($1939).
Рейтинг бойынша төртінші орынға Кривогуз көшесіндегі үш бөлмелі пәтер ие. Жалпы аумағы 132 шаршы метрді құрайды. Толықтай жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған (асүйі Nolte-Miele, Германия). Үй иелері пәтерді 80 млн теңге ($245 мың) деп бағалап отыр. Бұл сомаға жерасты паркингіндегі екі орын кіреді. Бір шаршы метрінің құны – 606 061 теңге ($1853).
Әлиханов көшесінде орналасқан жалпы аумағы 110 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі пәтер рейтингтің соңғы орнын алып отыр. Үй еурожөндеуден өткен, жаңа сантехникамен (екі жуыну-дәрет алу бөлмесі бар) және жиһазбен жабдықталған. Пәтер бағасы 63,8 млн теңгені ($195 мың) құрайды. Бір шаршы метрінің құны – 579 545 теңге ($1772).
«Қарағанды – халық саны жағынан Қазақстандағы төртінші қала. Осыған қарамастан қайталама тұрғын үй нарығындағы қарағандылық пәтерлердің бағасы өзінен ірі Шымкентке қарағанда сәл қымбатырақ. Біз мұны жергілікті нарықтағы ұсыныс санының салыстырмалы түрде аз болуымен, сәйкесінше Қарағандыдағы тұрғын үйге деген сұраныстың жоғары екендігімен байланыстырамыз», - деп атап өтті Homsters.kz сату жөніндегі директоры Катерина Ладыженская.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024