Экономика
Қарағандыдағы тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады
Қарағанды облысындағы тасқыннан келген залалдың өтамақасы төлене бастады. Осы мақсатта әкімдік миллиард теңге көлемінде ақша бөлді. Қазірге дейін аудан тұрғындарының тарапынан 1 740 өтініш келіп түскен. Бағалау компаниясы барлық нысандарды қарап шықты.
Баспасөз қызметі бағалаушылардан 1069 есеп келіп түскенін мәлімдеді. "12 мамыр күні келтірілген зақымдарды өтеу үшін 220,527 миллион теңге төленген. Соның ішінде Сараң, Абай, Шет, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарына төлем толық көлемде жасалған. Бұқар жырау ауданына өтемақы жартылай төленді", - дейді әкімдіктегілер.
Жергілікті биліктің мәліметтеріне сүйенсек, төлемнің қалған бөлігі алдағы 3 жұмыс күнінде төленіп болады. 16 мамырдан бастап Қарағанды облысындағы тасқыннан зардап шеккен қалалар мен аудандардың барлығында жәрмеңке басталады. Ол жерде төмен бағада тұрмыстық-техника, құрылыс материалдары және жиһаз сатылатын болады.
Осыған дейін зардап шеккен ауылдарда құлаған үйлердің орнынан жаңа үйлер салынып жатыр делінген болатын. Аймақта жалпы саны 349 апаттық жағдайдағы үй бар. Жақын арада сүрілу қаупі жоқ, бірақ залал келген үйлерге жөндеу жүргізіледі деп уәде етілді.