Қарағанды. 15 желтоқсан. 7kun.kz – «АрселорМиттал Теміртау» шахтерлары түнде ереуілді тоқтатып, шахтадан шықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сүйенсек сағат 01:00-де барлық шахтерлар (420-ға жуық адам) жер бетіне көтерілген.
«Оларға жұмыс беруші тарапынан жер астында жұмыс істейтіндердің барлығына жалақыны 30 пайызға көтеретіні туралы айтылды. Жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақыны көтеруді келіссөздерден кейін арнайы комиссия анықтайды. Көмір департаментінің барлық қызметкерлеріне айлық жалақы көлемінде бірреттік сыйақы беріледі», делінген әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ, жұмыс берушіге 15 желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, 16 желтоқсанда жұмысқа кірісуді ұсынған. Сонымен қатар шахтерларға Шахтинск қаласы прокурорының қолы қойылған хат таратылған. Хатта ереуілге қатысқандарды қылмыстық қудаламайтындығына кепілдік берілген. Сонымен қатар прокуратура бұл мәселе бойынша құқықтық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірген.
Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы келіссөз ары қарай арнайы комиссияның аясында жалғаспақ. Оған жұмысшылардың бастамашы тобы, кәсіподақ мүшелері, прокуратура өкілдері, шахта директорлары мен облыс басшылары, «АрселорМиттал Теміртау» жетекшілері кірген.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты көмір шахталарының жұмысшылары 11 желтоқсан күні наразылық білдіріп, көмір шахтасынан шығудан бас тартқан. Олар жалақыны екі есеге көтеру, зейнет жасын төмендету және басқа да талаптар қойған. Деректерге сүйенсек сегіз шахтада 600-1000 аралығында шахтер болған. 15 желтоқсан күні кешке қарай төрт шахтада 400-ге жуық шахтер ғана қалып, қалғаны келіссөздер нәтижесінде жер үстіне көтерілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024