Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қара дүйсенбі: Анкара, Берлин, Цюрих

Қара дүйсенбі: Анкара, Берлин, Цюрих
19 желтоқсанда шындығында барлығы үшін ауыр болды. Үш түрлі елде бірінің артынан бірі 3 түрлі террористік шабуыл жасалды. 

Түркия

Дүйсенбіде Анкарадағы Жаңа заманғы өнер орталығында "Ресей саяхатшының көзімен: Калининградтан Камчаткаға дейін" деген атаумен көрме ашылуы керек еді. Шараның басты демеушісі - Ресей Федерациясының елшілігі. Алғашқы болып сөз алған Ресейдің Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карлов еді және алғашқы құрбан да сол болды. Оның артындағы тұрған топтан пиджак киінген жас жігіт "Аллах Акбар" деген айқаймен елшінің артынан атқан. Куәгерлердің сөзінше, шамамен 8 рет оқ шығарылды. Елші емханаға барғаннан кейін, ал оның шабуылдаушысы полицицейлердің әрекеті салдарынан көз жұмды. [caption id="attachment_56695" align="aligncenter" width="600"] Фото: Burhan Ozbilici / AP; Ресей елшісі Андрей Карлов және артында тұрған Мевлют Мерт Алтынташ[/caption] Кісі өлтіруші - 22 жасар Мевлют Мерт Алтыншаш. Соңғы мәлімет бойынша, ол Измирдегі полиция колледжін бітіріп, Анкараның арнайы күштер департаментінде жұмыс істеген. Көрмеге өзінің полициялық құжатын көрсетіп өтеді. Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, оны шілде айындағы әскери төңкерістен кейін жұмысынан босатқан. Жергілікті Hurriyet басылымының жазуынша, Түркияда өзге елдің елшісінің қайтыс болуы - террористік қауіптің деңгейін арттырып қана қоймай, халықаралық қатынастағы үлкен өзгерістерге себепкер болмақ. Егер шабуылдың негізгі ұйымдастырушылар табылмаса немесе Ресейдің сұранысын қанағаттандырмаса, Таяу Шығыстағы саяси балансқа толығымен әсер етуі мүмкін. Америкалық басылымдар бұл жағдай түркиялық қауіпсіздік қызметінің қаншалықты нашар жұмыс істейтіндігін көрсетті деп жазады. Сондай-ақ олардың мәлімдеуінше, елшіге жасалған шабуыл Ресейдің Сириядағы қақтығысқа араласуына жауап болуы мүмкін. Барлық мемлекеттер Ресей елшісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр.

Германия

Террористік шабуылға ұшыраған тағы бір қала - Германия астанасы. Берлин орталығында жүк көлігі рождестволық жәрмеңкеге басып кіріп, қала тұрғындары мен қонақтарды жаншып өткен. Полиция мәліметінше, қайтыс болғандар саны 12 адам. Кем дегенде 50-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Құзырлы органдардың хабарлауынша, жүк көлігі 50-80 метрге дейін жүріп өткен, кабинада 2 адам болған. Біреуі қайтыс болды, ал екіншісін оқиға орнынан алыс емес жерде тұтқындады, қазір тергеу жүріп жатыр. Жүк көлігі польшалық компанияға тиесілі, рөлде Польша азаматы болуы керек еді. Бірақ оның компаниясы қызметкерімен әлі байланыс орната алған жоқ. [caption id="attachment_56696" align="alignnone" width="940"] Фото: Fabrizio Bensch / Reuters[/caption] Төтенше жағдай болған жер қоршалды, полицейлер қала тұрғындарынан үйде отырып, ешқандай жаңсақ ақпарат таратпауларын сұрайды. Германия канцлері Ангела Меркель болған жағдайды Берлин мэрімен талқылады. Қазір негізгі ұйымдастырушыларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше оқиға 14 шілдеде Ниццада болған қайғылы жағдайды еске түсіреді. Ол кезде көшедегі жүргіншілердің үстінен жүк көлігі шабуылдап, 86 адам қайтыс болған еді. Терракт үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" тобы алды.

Швейцария

Тағы бір еуропалық елде төтенше жағдай болды. Швейцария астанасы Цюрихтегі мұсылман орталығында белгісіз біреу оқ атты деп хабарлайды жергілікті БАҚ. Алдын-ала мәлімет бойынша, 3 адам зардап шекті. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, темір жол станциялары жабық. Кейінірек жарияланғандай, құқық қорғау органдары мұсылман орталығының маңынан белгісіз мәйіт тапқан. "Гесснералледе кісі мәйіті табылды. Қазір полиция оның өлімі мен орталықта шабуыл арасында қандай байланыс бар екенін анықтап жатыр", - делінген журналистерге таратылған хабарламада. Әзірге 3 оқиғаның бір-бірімен қаншалықты байланысы бар екені белгісіз.

Похожие материалы