Қызылорда. 17 шілде. 7kun.kz - Арал теңізін жандандыру жобасы аясында жүріп жатқан Қызылордадағы Сырдария су реттегішін қалпына келтіру, судан қорғау дамбыларын және көлік жолы көпірлерін салу, көл жүйесін қалпына келтіру, су бөгеттерін кеңейту секілді жұмыстардың екінші кезеңіне 23 млрд-тан астам теңге бөлінді. Қазіргі кезде аталған сома жоба жұмыстарына бағытталды деп жазады Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталы.
Арал теңізін жандандыру жобасы осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде биіктігі 14 метрлік Көкарал бөгет-платинасы тұрғызылды. Бөгет Аралдың солтүстігіндегі су деңгейін 12 метрге көтеруге мүмкіндік берді. Судағы тұз мөлшері азайып, микроклимат жақсарды. Көксарай су реттегіші салынып, көрші Өзбекстанға деген су тәуелділігі төмендеді.
“Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу және Сырдария өзені аңғарын реттеу” жобасы Қазақстан президентінің бастамасымен 2006-жылы құрылған болатын.
Арал теңізі - бір кездері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан, тұзы мол, ірі теңіздің бірі еді. 20-ғасырдың екінші жартысындағы ауыл шаруашылығының өсуі теңіздің күрт тартылуына әкеп соқты. Бұл өткен ғасырдың ірі экологиялық апатының бірі болды. 1990-жылдан бастап, Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірігіп, Аралды сақтап қалу мақсатында түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.
Ақпарат көзі: vlast.kz.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024