Экономика
Арманжан Байтасов Forbes Russia-ның басқарма төрағасы болды
Алматы. 9 қазан. 7kun.kz - Қазақстандық кәсіпкер Арманжан Байтасов ресей Forbes журналының басшысы атанды. Бұл туралы ресейлік журналдың PR-директоры Дмитрий Озман хабарлады.
Өткенде Forbes редакциясы басқарма төрағасын таныстырды. Төраға болып Арманажан Байтасов тағайындалған. Оның медиада үлкен практикалық жұмысы тәжірибесі бар.
PR-директордың атуынша, медияменеджер қандайда бір мәселелерді шешу үшін Мәскеуге жиі келетін болады.
«Қазіргі уақытта активті үш адам басқарып отыр – Арманажан Байтасов, Николай Усков (редакциялық директор) және Наталья Гандурина (журнал баспашысы)», - деп атап өтті Озман.
Тамыз айының соңында ресейлік журнал иесі ауысты: бизнесмен Магомед Мұсаев Александр Федотовтан ACMG медиагруппасының активін сатып алды. Сол кезде журналдың тәуелсіз директорларының кеңесі құрылатындығы жарияланған еді.
Сол кезде журналды басқаруға оралған Николай Усков кеңестің құрылуы "тұрақтылықтың қосымша факторы болады", журналдың редакциялық саясатына араласпаудың тағы бір кепілі екенін атап өткен. Оған медиаменеджерлер, журналдың бұрынғы бас редакторлары, сондай-ақ Forbes редакциясының өкілдері кіруі тиіс.
Анықтама:
Арманжан Байтасов Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің рейтингіне кіреді, қазақ және грузин Forbes-тің тең иеленушісі, "Бизнес-FM" радиосының иесі, сондай-ақ MuzzOne және НБТ (Бішкек, Қырғызстан) телеарналарының иесі болып табылады. Оның жағдайы $81 млн бағаланады.