Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арманжан Байтасов Қазақстандық медиа альянстың төрағасы болды

Арманжан Байтасов Қазақстандық медиа альянстың төрағасы болды

Астана. 25 қазан. 7kun.kz - "Қазақстандық медиа альянс" қоғамдық бірлестігін Арманжан Байтасов басқарады. Бұл туралы ұйымның құрылтай жиынында белгілі болды.

Жиынға жиналғандар бірауыздан төраға сайлағаннан кейін журналист әрі танымал бизнесмен Арманжан Байтасов жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

"Іс-шараға қатысқандарыңызға алғыс білдіремін. Басқосуымыз нәтижелі болады деп ойлаймын. Барлық журналистерді қоғамын бірлестік жұмысына қатысуға шақырамын", - деді ол.
Айта кетейік, 2017 жылдың 3 қазанында ҚР Әділет министрлігі ресми түрде «Қазақстан медиа альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігін тіркеген еді. Құрылтайшылар қатарына қазақстандық БАҚ мен PR құрылымдардың жетекшілері, журналистер мен блогшылар, медиа бизнес, жарнама мен баспа өкілдері кірген.
Медиа Альянс бірінші кезекте медиа саласындағы заңға өзгеріс енгізу бойынша, журналистерге білім беру бағытында жұмыстар жүргізбек.

Похожие материалы