Қазақстандық "United Asia Business" компаниясы Forbes Georgia журналының акционері «Media Partners» АҚ компаниясынан баспаның 90% акциясын сатып алып, компанияның мажоритарлы акционері болды. Бұл туралы forbes.kz жазады.
Акцияның 10%-ын «GI Media Group» компаниясының құрылтайшысы Гиоргий Исакадзе сатып алды. Қазіргі уақытта келісімшарт заңдастырылып жатыр.
«United Asia Business» компаниясының құралтайшысы, қазақстандық танымал кәсіпкер Арманжан Байтасов бүгінде Forbes Kazakhstan журналы мен Forbes.kz сайтының иесі.
"United Asia Business" компаниясының атынан біз сенімді әрі мықты серіктес таптық. Болған өзгерістер компанияның медиа нарығындағы іскерлік жарияланымдарын күшейтуге мүмкіндік береді",-деді "Media Partners" АҚ директоры әрі Forbes Georgia журналының баспагері Майя Мириджанашвили.
Қазіргі уақытта Гиоргий Исакадзе Forbes Georgia журналының бас редакторы. Сонымен қатар ол «Маэстро» телеканалындағы «Бизнесконтакт» және «Деловое утро» телебағдарламаларының авторы әрі басшысы. Бұған дейін ол коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттік қызметтерде маңызды лауазымдарды атқарды.