Армения Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕуразЭС) кіру шарасының аясында Ресейден 47 млн доллар және 130 млн рубль көлемінде қайтарымсыз қаржы алмақшы.
Армения үкіметінің хабарлауынша, Ресей мен Армения арасында осындай келісімге қол қойылу үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Құжат жобасы Армения үкіметінің күн тәртібіне енгізілген.
Келісім-шарттың мазмұны бойынша, Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіруін қарастыратын "жол картасындағы" әкімшілік, техникалық реттеу, санитарлы, ветеринарлы әрізді 6 бағыттағы шараларды іске асыру үшін Армения Ресейден қаржылай қолдау көрсетуін өтінген.
Құжатқа сәйкес ресейлік қаржы 2015 жылдан бастап 3 жыл ішінде берілуі керек. Сондай-ақ, осы құжаттың аясында Ресей үкіметі болашақ одақтасын қажетті құрылғылармен, техникамен қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024