Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Қарағанды облысының прокуратурасы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-нан экологияға зиян келтіргені үшін 1,3 млрд теңгеден астам қаржыны өндіріп алуға қол жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 21 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы прокуратура жұмысының 2019 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысында көрсетілген.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлардың назары мемлекет мүддесін, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қорғауға, еңбек, жер қатынастарына, бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығы мен тарифтік саясат мәселелеріне аударылғаны атап өтілді.
Қадағалау актілері бойынша бюджетке 1,5 млрд теңге және 1,7 млрд теңгеге мүлік қайтарылды. Мемлекеттік қорға 1,7 млрд теңгеге 450-ден астам пайдаланылмайтын жер учаскесі қайтарылды. Халыққа 1,6 млрд теңге сомасында электр, жылу және сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне өтемдік тарифтер енгізілді. Монополисттер бюджетке 15,7 млн теңге әкімшілік айыппұл төлеген.
Әлеуметтік көмек көрсету кезінде жеке көмекшілер мен мүгедектердің құқықтарына қысым жасау, сондай-ақ әлеуметтік қызметтерге бөлінген 160 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2,7 мыңнан астам жеке көмекшілер мен мүгедектердің құқықтары қорғалды.
Қылмыстық процесс желісі бойынша азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы 26%-ға төмендеді (19-дан 14-ке дейін). Прокурорлар 15 азаматты ТИЗО-дан босатты. Апелляциялық сатыдағы сотта істерді қарау кезінде 45 азаматтың құқықтары қорғалды. Қылмыстық айыппұлдардың орындалу тиімділігі 52 млн теңгеден астам сомаға 80%-ды құрады. Құқық қорғау қызметі орталығының базасында 800-ден астам азаматқа құқықтық көмек көрсетілді.
Айта кетейік, алқа қорытындысы бойынша аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024