Экономика
Регионы
"АрселорМиттал Теміртау" 17 ақпанға дейін өз жұмысшыларының жалақысын толық көлемде төлейді
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлер мен металлургтер жалақысын толық көлемде төлейді.
Осыған дейін хабарланғандай, қазақстандық «АрселорМиттал Теміртау» металл комбинаты компанияның күрделі қаржылық жағдайына байланысты қызметкерлерінің қаңтар айындағы жалақыларын қайта есепке алған болатын. Жекелей алғанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның, «Өркен» ЖШС-ның және «Құрылысмет» ЖШС-ның шойын және көмір департаментіндегі жұмысшыларына қаңтар айындағы жалақылары 75 пайыз көлемінде төлену туралы шешім қабылданған-ды. Бұған қоса Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына шахтерлер мен кеншілер толық көлемде жалақыларын алмайтын болса, жеңілдіктерден айыратындығын мәлімдеді, ал облыстық прокуратура еңбек инспекциясына жұмысшылардың жалақысын төмендету туралы еңбек заңнамасына сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Инспекция көмір және болат департаментінде тексеру жүргізді, нәтижесінде басшылықтың еңбек заңнамасын бұзғаны анықталып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салды. Одан бөлек, компания қызметкерлерінің жалақысын заңға сәйкес төлеу туралы бұйрық шығарылды. Бұл бұйрыққа қатысты компания сотқа жүгінгелі отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024