Экономика
«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы наразылық танытқан шахтерларды сотқа берді
Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Шахтинск, Абай, Сарань қалаларының соттарына «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы басшылығынан шахтерлардың наразылығын заңсыз деп тану туралы шағым келіп түсті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлаған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жауап берушілер қатарында "Қазақстандық", "Шахтинск", "Тентек", "Ленин", "Сарань", Күзембаев атындағы, Костенов атындағы және "Абай" шахталарындағы жұмысшыларды бастап шыққандар мен көміршілердің «Қорғау», металлаургтердің «Жақтау» кәсіподағы мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басқа да жұмысшылары бар.
«Шахтадан шықпай отырғандардың саны 1000-нан астам адам», - деді сотта.
Айта кетейік, 11 желтоқсаннан бері «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары шахтадан шығудан бас тартып, жалақыны көбейту, зейнетке шығу жасын төмендету сынды бірқатар талаптар қойып отыр. Облыс әкімдігінің мәліметінше, шахтада 600-ден астам жұмысшы отыр. Бүгін компания басшылығы наразылық танытқандармен келіссөз тек жер бетіне көтерілген жағдайда ғана жалғасатынын мәлімдеген.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ халықаралық ArcelorMittal концернінің құрамына кіреді және Қазақстандағы ірі тау-кен кәсіпорны болып есептеледі. АҚ құрамына меткомбинат пен Қарағанды облысындағы сегіз көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы темір рудасын өндіретін төрт кеніш кіреді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024