Экономика
"АрселорМиттал Теміртау" басшылығы жұмысшылардың жалақысын қысқарту туралы бұйрыққа қол қойды
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның бас директоры Виджай Махадеван осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап жұмысшылардың жалақысын 25 пайызға қысқарту туралы бұйрыққа қол қойды. Өз кезегінде кеншілердің "Жақтау" кәсіподағы және көміршілердің "Қорғау" кәсіподағы наразылық білдіріп жатыр.
"Металл өнімдеріне сұраныстың төмендеуінен, шикізат бағасының тиімсіз болуынан және экспорт нарығының қыиындығынан орын алған күрделі қаржылық жағдайға байланысты ҚР Еңбек кодексінің 48 бабына сәйкес 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және еншілес кәсіпорындардағы еңбекақыны 25 пайызға қысқартуға бұйрық беремін", - делінген "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның бас директоры Виджай Махадеван қол қойған құжат мәтінінде.
Сондай-ақ еңбек және еңбекақы бойынша басқарма басшысына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның әрбір қызметкерінің жалақысын қысқарту үшін бірыңғай алгоритм дайындау тапсырылды. "Өзге тарифтік мөлшерлемелер және еңбеақылар қысқартылмайды", - деп жазылған құжатта.
Осыған дейін көміршілердің "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Мирғоязов бұйрықтың еңбекті төлеу шарттары туралы келісімді бұза отырып, біржақты қабылданғанын мәлімдеген еді.
Кеншілердің "Жақтау" кәсіподағы Қарағанды облысының прокуратурасына "шұғыл түрде бұйрықтың заңдылығын тексеру туралы" өтініш жіберді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024