Қазақстан заңнамасына сәйкес "АрселорМиттал Теміртау" ұжымдық келісімнің шарттарын өзгертіп, қызметкерлердің жалақысын кәсіподақпен келісусіз 25 пайызға қысқарта алмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
"Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлердің жалақсын төлеу және еңбекке стимул жасау жүйесі ұжымдық келісім, еңбек келісімі немесе жұмыс берушінің акті арқылы анықталады. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек келісімінде еңбекақы көлемі және басқа да шарттары жазылуы қажет. Ұжымдық және еңбек келісімдерінің шарттары біржақты шешіле алмайды", - делінген ведомство таратқан хабарламада. Ақпаратта министрлік мамандарының "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы жағдайды бақылап отыратындықтары және компания қызметкерлерінің еңбек құқықтары бұзылмауы үшін барлық шаралар қабылдайтындықтары атап өтілген. Айта кетейік, осыған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компания қызметкерлерінің жалақысын осы жылдың 1 тамызынан бастап 25 пайызға қысқартады деп хабарланған еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024