"АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлер мен кеншілердің жалақысын 25 пайызға қысқартудан уақытша бас тартты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
"Валюта реттеудегі өзгерістерге байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға қысқарту туралы шешімінен бас тартатындығын мәлімдейді. Қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мүмкіндіктерін қайта қарап, қызығушы жақпен келіссөздер жүргізуді жалғастырып жатыр",- делінген хабарламада. Компанияның атап өтуінше, олар валюта реттеуіндегі өзгерістерге байланысты "ұжымның жағдайы үшін алаңдап отыр" және қазір жалақыны 25 пайызға қысқарту туралы бұйрықтың аясында әрекет ете алмайды. Бұл шешімнің қай уақытқа дейін жалғасатындығын компания нақтылаған жоқ. Еске салайық, шілденің аяғында «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы компания қызметкерлерінің жалақысын 2015 жылдың 1 тамызынан бастап 25 пайызға қысқарту туралы шешім қабылдады. Мұның қажеттілігі геосаяси факторлармен және нарық шарттарының осыған мәжбүр етіп отырғандығымен түсіндірді. Кейінірек еңбек мемлекеттік инпекторы компанияның еңбек қатынастары және еңбек реурсы бойынша директорына жалақыны 25 пайызға қысқарту туралы бұйрықты кері шегеру жөнінде жарлық қағаз тапсырды. «АрселорМиттал Теміртау» кеншілердің жалақысын заңды түрде 25 пайызға қысқарту үшін экономикалық сотқа жүгінбекші екендіктерін мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024