Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да төтенше жағдай орын алды

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да төтенше жағдай орын алды

Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz «АрселорМиттал Теміртауда» газ құбыры опырылып құлады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да диаметрі 2200 мм болатын тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті. 20 метр аумаққа зақым келді», - делінген компанияның хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, оқыс жағдайдың себептері анықталуда.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына аванстық төлемдердің көлемін төмендеткені үшін 1,3 миллиард теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.

Еске салайық, 13 қаңтарда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі ЖЭО-2 орталығында газ жолы жартылай опырылған болатын.

Похожие материалы