Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Арыс қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қаланы цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы Елнұр Өтебаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Арыс қаласын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта 17 секторға бөлінген қаланың 3D-картасы құрылды. Бұл картаға қаладағы тұрғын үйлер мен сол үйлерге тіркелген үй иелері туралы деректер енгізілген. Оған қоса қалалық кадастрға енгізілмеген үйлер де анықталған. Осыған байланысты облыс әкімі барлық тұрғынды құжаттандыру жөнінде тапсырма берді.
Әкімдік хабарлағандай, карта ТЖ салдарынан зардап шеккендерге көрсетілетін көмек көрсетумен байланысты болады. Атап айтқанда, әр үйге дефектік акт тіркеліп, оларға сәйкес бұзылған үйлерді қалпына келтіру, қоқыс шығару, гуманитарлық көмекті бөлу, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында бөлу барысын көруге болады. Қала тұрғындары бұл жұмыстарды онлайн режимде бақылап, кемшіліктер анықталса, тиісті орындарға хабар береді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына эвакуация барысында жоғалған жеке куәлік тегін қалпына келтіріледі.
Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын "ақылды" қалаға айналдыруды тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024