Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Арыс қаласында 181 үй жөнделді. Бұл туралы Арыс қаласының әкімдігінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлім етті.
Оның айтуынша, Арыс қаласында қала аумағын тексеру және тазалау жұмыстары жалғасуда. Күдікті заттар табылған жағдайда тұрғындар дереу 112 және 102 телефондарына қоңырау шалуға тиіс.
Ол бүгінгі таңда халық үшін ешқандай қауіп жоқ екенін атап өтті.
«Барлығы 30 700 оқ-дәрі табылды. Табылған фрагменттер арнайы учаскеге жеткізілді,қаладан 60 км қашықтықта орналасқан. Жақын арада олардың барлығы жойылады», - деді Ермиян Бятов.
Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі жақын арада Арыс қаласынан оқ-дәрі арсеналын көшірудің басталғаны туралы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген. Бүгінгі таңда барлық облыстар мен аудандардан 1500-ден астам құрылысшы үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіруде. Қазіргі уақытта 181 үй жөнделді.
Сонымен қатар, Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, қалада тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі күні қалада 30 азық-түлік дүкені және 4 наубайхана толыққанды жұмыс істейді. Қоғамдық көлік жұмысы жолға қойылған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек, жалақы мен зейнетақы алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024