Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандар 20 тамызға дейін жөнделмек

Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандар 20 тамызға дейін жөнделмек

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды жөндеу ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін аяқталады, - деп мәлімдеді 16 тамызда Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

«Жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін толық аяқталуы тиіс, бүгінгі таңда 56 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталып, 8 нысанның жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады», - деді Жетпісбай Нұр-Сұлтандағы педагогикалық тамыз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, Арыс қаласының маңында артиллериялық оқ-дәрілердің жарылуынан 68 әлеуметтік нысанға зақым келген, 16 мектеп (барлық жөнделетін мектептер үшін Қор жаңа жабдықтар: жиһаз, парталар, шкафтар, тақталар сатып алды), 1 колледж, 6 балабақша, 30 жеке балабақша, 8 денсаулық сақтау және 4 спорт нысаны.

Алайда, олардың төртеуі - жедел медициналық көмек ғимараты, стоматология бөлімшесі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және бір балабақша бұзылуға және жаңа құрылысқа жатады деп танылды.

«Осы 4 нысанның құрылысы үстіміздегі жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталады», - деп түсіндірді Samruk-Kazyna Construction басшылығының өкілі.

Оның мәліметінше, осы мақсатқа қор 7 млрд теңге бөлді, бұл сомаға темір жол вокзалы ғимаратын, батырлар аллеясы мен қаланың орталық алаңын қалпына келтіру жұмыстары кіреді.

«Темір жол вокзалының ғимараты Арыс қаласының көрікті жерлерінің бірі болып табылады: ол 1904 жылы салынған және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен 2010 жылы нысан жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Онда жұмыстар 24 тамызға дейін аяқталады», - деп нақтылады Жетпісбай.

Похожие материалы