Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Арыс тұрғындары 2019 жылдың соңына дейін салықтан босатылды, деп хабарлайды Қазақстан мемлекеттік кіріс комитетінің баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 жеке кәсіпкер және 65 465 жеке тұлға тіркелген.
"ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілері үшін салық демалыстарын ұсынады. Бұл шара Премьер-Министрдің Арыс қаласын қалпына келтіру және оның әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ТЖ салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысында айтылған тапсырмасында көрсетілген", - делінген хабарламада.
Бұл ретте салық берешегі бар салық төлеушілерге кейінге қалдыру және бөліп төлеуді ұсыну жөніндегі жұмыс қысқа мерзімде және оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР-ның Кодексіне сәйкес салық және (немесе) төлемдер сомаларын біржолғы төлеу мерзімін ұзарту алты айдан аспайтын мерзімге беріледі, ал салық және (немесе) төлемдер сомаларын ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы төлей отырып, тең үлестермен бөліп төлеу үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі", - деп түсіндірді ведомствода.
Бұдан басқа, Комитет барлық салықтық тексерулерді тоқтатады, сондай-ақ басқа да салықтық бақылауларды шектейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024