Ғарышқа "ұшқан ақшалар". Ресей мен Қазақстан ғарышты игеруге қанша жұмсайды?
"Телефонымды шұқылап отырып, іздеу жолағында «навигация панелін басқару» деп терген едім, Google «... Восток-1 зымыранын басқару» деп жалғастыруды ұсынды. Дәл осы сәтте отандық ғарышкерлер үшін қатты алаңдап кеттім".
Бұл ресейліктердің арасында айтылып жүрген әзіл ғана. Сонымен бірге, олар «Қазір ғарыш саласында да ұсталған иномаркалық өнім ресейлік тауарға қарағанда тиімді бола бастаған ба?» деп мысқылдайды.
Расында, бұл әзілдің барлығы Ресейдің ғарышқа жіберіп жатқан зымырандарының сәтсіз жұмысымен байланысты. Протон-М жүк тасығыш зымыранының құлауы ғарыш саласындағы держава деп есептелетін Ресейдің абыройын күл талқан етті. Енді Ресей Қазақстанға 90 миллион теңге өтемақы төлеуі қажет.
Бұл жағдайдан қай тараптың көп зардап шеккенін дөп басып айту қиын. Себебі ресейлік тарап үшін «Протон-М» зымыранымен болған «отшашу» 133 млн долларға түскен. Ал зымыранды ұшыру процесінің өзі 200 миллион долларға сақтандырылған. Демек сол «отшашудың» әсерінен жарты минуттың ішінде қазақтың кең даласында 300 миллион доллардан астам ақша жоғалып кетті.
Бұл бір ғана зымыранға кеткен қаражат. Енді есептеп көріңіз, Ресей жылына орташа есеппен 30 шақты зымыран ұшырып жатыр. Демек, көршіміз сақтандырудан бөлек жылына 6 миллиард долларға зымыран ұшырады. Оның ішінде «Протон-М» жүк тасығыш зымыранының күйін кешкендер қаншама.
Бірақ бұл сандардың барлығы – тек бір ғана зымыранды ұшырудың бағасы. Бұдан бөлек, олар ғарыш айлағын жалға алғаны үшін Қазақстанға 115 миллион доллар; РФ бюджетінен Байқоңыр қаласына 38,7 млн; Байқоңырдағы нысандарына жөндеу жүргізу мен инфрақұрылымын сақтау үшін 33,3 млн доллар; Байқоңыр халқын жұмыспен қамту үшін 602,1 мың доллар қаражат бөледі. Басқа да шығындарды қосқанда жылына 275 миллион доллар болады.
Ал Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағы үшін жылына 2 миллион доллар жұмсайды. Оның ішінде Ресей жалға алатын аумаққа кірмейтін нысандардың жөндеу жұмыстары мен топырақ құнарлығын қалпына келтіру үшін «Қазғарышқа» бөлінетін 170,5 миллион теңге де бар. Одан бөлек, «Қазғарыш» Ресей аумағынан тыс объектілерді сақтап тұру үшін тағы да 100,8 миллион теңге алады.
«Қазақстан ғарыш саласына босқа ақша салып отыр. Одан да байланыс саласын өзге елге берсе болмас па еді деген пікірлер бар». Журналистің осындай сауалына «Мир космоса» журналының бас редакторы Қазкенов Қазыбек Майлыбайұлы «Үнемдірек, бірақ қауіптірек. Егер өзге мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Қазақстан ғарышқа онша көп ақша жұмсап отырған жоқ. Керісінше, біздегі ғарыш мәдениетінің жоқтығы оның дамуына кедергі болып отыр», - дейді.
1999 жылы Ресей Байқоңыр мен басқа да әскери нысандарды пайдаланып отырғаны үшін Қазақстанға 1,893 миллиард доллар қарыз екенін мойындады. Бірақ оның өтемі екеуара келісілген түрде өтелген. Мысалы, Қазақстан Ресейдің Бірыңғай энергетикалық жүйесі акционерлік қоғамын алдындағы қарызын өтеп, үстіне, әуе техникалары мен теміржол вагондарын алған. Ол қарыз толығымен 2004 жылы жабылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024