Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Арыс қаласында 3,2 мың тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 754 үйде (бір күн бұрын 674 үй) жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлығы 17 секторда 191 құрылыс компаниясы еңбек етеді.
Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша 5144 құрылысшы мен 223 арнайы техника ЖТҚ және КПТҮ-дің 3232 нысандарында жұмыс істейді. Осылайша, күн сайын құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 200-ден астам үйді жөндеу жұмыстарымен айналысуда.
Тағы 1,5 мың құрылысшы "Самұрық – Қазына" АҚ қаражаты есебінен 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысаны, 6 Денсаулық сақтау нысаны және 3 спорт нысаны) қалпына келтіреді.
Еске сала кетейік, кеше Арыс қаласына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді. ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қаланың қалпына келтіру қарқыны туралы баяндады. Оның айтуынша, жақын аптада 600-700 жұмысшы жұмылдырылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024