Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстың 200 оқушысы Нұр-Сұлтанда демалады

Арыстың 200 оқушысы Нұр-Сұлтанда демалады

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Нұр-Сұлтанға Арыс қаласынан зардап шеккен 200 бала келді. Оларды қала әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкiм балаларды елорданың көрікті жерлеріне кɵңiлдi экскурсиялар, концерттік және цирк бағдарламалары, танымал адамдармен қызықты кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.

"Біз Арыс қаласынан зардап шеккен 200 баланы қарсы алдық. 5-7 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге келді. Олар елордада екі апта бойы болады. Бұл бірінші топ, ал биылғы жазда Арыс қаласынан 1000-ға жуық баланы қабылдаймыз", - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, оқушылар 20 ұстазбен бірге келді. Балалар Оқушылар сарайы, Нұр-Әлем сферасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық мұражай, "Астана-Бәйтерек" монументі, "Астана-Опера", Тұңғыш Президент мұражайы, "Атамекен" этно-мемориалдық кешені, "Алау" мұз айдыны, "Сары-Арқа", "Барыс Арена", "Астана-Арена" спорт кешендері сияқты қаланың көрікті жерлерін аралайды.

Похожие материалы