Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыстық балалар ауыр хәлде Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Арыстық балалар ауыр хәлде Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Арыстағы жарылыс кезінде жарақат алған екі бала Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Бүгінгі күні балалардың бірінің жағдайы тұрақтанды. Екіншісі - әлі ес-түссіз жатыр, оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалады.

"28 маусымда санавиация желісі бойынша елордаға екі бала жеткізілді. Қазіргі уақытта 2005 жылы туған бала нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Ол есін жинады. 2011 жылы туған екінші бала жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Ол емдеуді толық көлемде алады", - деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов.

Оның айтуынша, екі бала да айтарлықтай жарақат алған, екеуінде де бас сүйек-ми жарақаты бар. Ата-аналары олармен бірге.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыс болды. Нәтижесінде 3 адам қайтыс болды.

Похожие материалы