Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Халық банкі Арыс қаласының барлық тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша сыйақыны есептеуді тоқтатты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Арыс қаласында Халық банкінің қарыз алушыларының саны 3,6 мың адамды құрайды, олардың жалпы қарыз сомасы 3,3 млрд теңгеден астам.
Банк басшылығы Арыс қаласындағы Halyk Bank қарыз алушыларына (жеке және заңды тұлғаларға) қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеу үшін алты айға (2019 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін) мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Арыс қаласындағы банк бөлімшесінде 1 млрд теңгеден астам сомаға берілген банк клиенттерінің қарыздары бойынша сыйақы есептеу тоқтатылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024