Қазақстанда жаңа әлеуметтік желі жұмысын бастады деп хабарлайды Закон.кз. Бүгіннен бастап қалаған адам арнайы желіге 1ccc.kz мекен - жайы бойынша тіркеліп, қаржы вице-министрлері мен комитет төрағаларына тікелей сұрақ қоя алады.
Оны құрастырушы қаржы министрлігіндегі қаржы академиясының өкілдерінің айтуынша, желінің контентін толтыру тематикалық бөлімдерге байланысты жүзеге асырылады. Өзекті сұрақтарды талқылау үшін арнайы топтарға да бірігуге болады. Әр топтың видеолекцияларды тыңдап, сарапшыларға сұрақ қоятындай мүмкіндіктері бар.
"Астанадағы кәсіпкерлердің аймақтағы әріптестеріне қарағанда мүмкіндіктері жоғары. Олар тікелей қаржы министрлігіне келіп, жауап ала алады. Ал аймақтағы кәсіпкерлердің қандай да бір сұрақтары болса, министрлікке хат жазады. Бір ай ішінде жауап алады. Кейде жауаптарды кәсіпкер емес министрліктің қызметкерлері де түсінбей жатады. Яғни өте түсініксіз, ресми тіл. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (ҰКП) ақпараттық жетіспеушілікке байланысты өте көптеген өтініштер келіп түсіп жатады. Өз кезегінде ҰКП-нің министрлікке түсінікті дұрыс жауап беру үшін қайта хабарласуларына тура келеді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің уақыттарын шығындалады. Ал жаңа желі мәселені шешуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде кәсіпкерлер үшін мемлекеттік сатып алу, заңдастыру, салықтық заң жобаларының нормаларын түсіндіру туралы сұрақтар қызықты",- деді "Қазақстандағы кәсіпкерлер форумы" Ассоциациясының атқарушы директорының орынбасары, ҰКП-дегі шағын және орта бизнесті дамыту Комитетінің мүшесі Гүлнәр Қуанғанова.
Қазірдің өзінде қаржы министрлігінің басшылары осы желіге тіркелген. Сарапшылар арасынан қаржы вице-министрлері Ардақ Теңгебаев, Руслан Даленов, Руслан Бекетаевтарға сұрақ қоюға болады. Мемлекеттік табыс Комитетінің төрағасы Даулет Ерғожин және басқа Комитеттердің төрағалары мен құрылымды бөлімшелердің басшылары да тіркеліп үлгерді.
Қаржы академиясы қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстандағы бірінші әлеуметтік арнайы желіні бюджеттік қаржысыз іске асырған. Жақын арада қазақ тіліндегі нұсқасы жарық көруі қажет. Жоба үлкен сұранысқа ие болып жатса, белорусь және қырғыз тіліндегі нұсқалары да шығарылады.