
Астана. 10 қазан. 7kun.kz — ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі комитетінің бас сарапшысы Е.Б.Медеубеков пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросының департаменті хабарлады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің экономика, бюджетті жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаев лоббирленген мердігер ұйымының мүддесі үшін әрекет етіп, Е.Б.Медеубековке тендердің нәтижесін жою үшін 1 млн теңге пара берген.
Қазіргі уақытта Е.Б.Медеубеков ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүріп жатыр.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025