Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Тікелей инвестициялар бойынша таза әкеліну 3,8 млрд доллар мөлшерінде қалыптасты. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) таза әкелінуі 20,8 млрд долларды құрады (2016 жылы 20,9 млрд доллар).
Қазақстанға тікелей инвестициялар негізінен мұнай-газ секторының және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына бағытталды. Қазақстанның негізгі тікелей инвестор елдері Нидерланд (ШТИ жалпы түсімдерінің 28,9%-ы), АҚШ (17,9%), Швейцария (14,1%), Ресей Федерациясы (5,9%), Бельгия (5,1%), Қытай (4,8%) болып есептеледі.
Портфельдік инвестициялар бойынша 5,4 млрд доллар мөлшеріндегі таза әкеліну негізінен Ұлттық қордың портфелінен шетелдік бағалы қағаздарды сатумен, сондай-ақ Қазақстанның кәсіпорындары мен банктерінің 4,6 млрд доллар сомасына еурооблигациялар шығаруымен қамтамасыз етілді. Алайда 2017 жылғы 4-тоқсанда резиденттердің (оның ішінде Ұлттық қор мен «БЖЗҚ» АҚ-тың) шетелдік бағалы қағаздарға орналастырылған шетелдік активтерінің 2,3 млрд долларға өсуі тіркелді.
Басқа инвестициялар бойынша 3,4 млрд доллар мөлшеріндегі нетто-әкетілу басым түрде резиденттердің қысқа мерзімді активтерінің, оның ішінде шетелдегі шоттардағы активтерінің өсуімен қамтамасыз етілді.