Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қаржымині бюджеттерді жоспарлау және бюджеттерді атқару сатысында Азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларын әзірледі. Бұл туралы елдер-2017 дүниежүзілік жариялау рейтингіне арналған баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Бюджет заңнамасы департаментінің директоры Зайфун Ерназарова хабарлады.
2017 жылғы қарашада азаматтар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі мақсатында ҚР Бюджет кодексі «Азаматтық бюджет» 61-1 бабымен толықтырылды.
«ҚР ҚМ 2018 жылы 9 қаңтардағы №15 бұйрығымен Бюджеттерді жоспарлау және бюджеттерді атқару сатысында Азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидалары бекітілді» - деп Зайфун Ерназарова хабарлады.
Азаматтық бюджет былайша құрылады:
- республикалық бюджет бойынша-мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы жөніндегі ортылық уәкілетті органдар;
- жергілікті бюджет бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттары;
- бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджет шығыстары бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жасайды.
- «Азаматтық бюджетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау кезінде «Азаматтық бюджет» деген жеке салынымы құрылады. Азаматтық бюджеттің мазмұны қысқаша, түсінікті қолжетімді және азаматтар үшін жеңіл қабылданатын нысанда беріледі.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024