Asadel Partners PEF қоры “Fresh Fruits Kazakhstan” ЖШС және “Astana Fruits” ЖШС-ның 50%-дық үлесіне ие болу туралы келісім-шарт жасады. Компаниялар “Amal-Bio” тауарлық белгісімен Қазақстанда жеміс және көкөніс өндірісімен айналысады. Бұл туралы қордың атқарушы әріптесі, қаржыгар Марғұлан Сейсембаев фейсбук парақшасында хабарлады.
Көкөніс пен жеміс өндіруші компаниялар “Amal-Bio” брендімен Қазақстан нарығында сапалы өнім өндіріп шығарады. Келісім құны 15 млн долларды құрады. Келісім келесі құрылымдар бойынша жүзеге асады: 1. Asadel Partners PEF компания акционерлерінің несие берушілер алдындағы міндетінен құтылуы үшін қазан айының соңына дейін 2 млн 200 мың доллар көлемінде пайызсыз қаржыландыруды ұйымдастырады. 2. Asadel Partners PEF қараша айының ортасына дейін 5 млн доллар көлемінде жылдық 9 пайызбен бридж қаржыландыруды ұйымдастырады. Компаниялардың өндіріс қуаттылығын арттыру және қызметті инвестициялау толығымен Asadel Partners PEF капиталына енеді. 3. Барлық рәсімдеулер мен рұқсат алу құжатары реттелген соң Asadel Partners PEF аталған компаниялардың капиталына 15 млн доллар инвестиция салады. 4.Капиталға инвестиция салынғаннан кейін, аталған компаниялар осыған дейін бридж қаржыландыру аясында алған барлық қаржыны қайтарады. Жоғарыда аталған операциялардың нәтижесінде, “Fresh Fruits Kazakhstan” және “Astana Fruits” ЖШС Asadel Partners PEF қорынан 15 млн доллар қаржыдан бөлек қосымша 15 млн доллар қаржы алады. Сонымен компаниялардың жеке капиталы 30 млн долларға тең болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024