Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – Атырау облысындағы Қашаған кен орнын өңдеуші NCOC компаниясы IT саласындағы қауіпсіздік жүйесін күшейтпекші. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«2017 жылдың 12 мамырында NCOC компаниясы WannaCry зиянды бағдарламасын пайдалана отырып, әлемдегі кибер шабуылға ұшыраған компаниялардың бірі атанды. IT бойынша тиімсіз қызметтер мен барлық қолданушылардың пайдалану мүмкіндігі дереу қалпына келтірілді. Аталған шабуыл мұнай өндіруге қатысты өндірістік операцияларға әсер еткен жоқ. Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де ешқандай мәселе туындамаған. Қазіргі уақытта IT-ге қатысты барлық операциялар штаттық тәртіппен жүзеге асырылып жатыр. NCOC компаниясы болашақта мұндай шабуылдарды болдырмау мақсатымен IT саласындағы қауіпсіздік жүйесін күшейту жұмыстарын жалғастырады», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 12 мамырда NCOC компаниясының ақпараттық қауіпсіздік жүйесінде шамамен сағат 18.00-де компания серверлеріне вирустық шабуыл жасалғандығы тіркелді. Сақтандыру шарасы ретінде интернет желісіне және корпоративтік поштаға ену тоқтатылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024