Астана. 30 қыркүйек. 7kun.kz - Энергетика министрлігі Қашаған кен орнында өндірістің басталу уақытын айтты. Ведомствоның баспасөз хатшысы Асқар Жалдиновтің айтуынша, қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Ол министрліктің өндірісті бастау уақыты қазанның соңы мен қарашаның басында екенін мәлімдегенін айтады.
"Келіссөздерге қатысты комментарий бермейміз, қазір дайындық жүріп жатыр. Жобаны асығыс жасап та кетпейміз, жұмысты толық аяқтап кірісеміз. Жоба әзірге дайын емес", - дейді Асқар Жалдинов.
Одан бөлек, NCOC компаниясының мәлімдеуінше, қазір объектінің кейбір жерлеріне көмірқышқыл жіберіліп, жағаға дейін баратын ауыстырылған құбырлар тексеріліп, жоба іске қосу мен сынақтан өткізу процесінің маңызды кезеңінде тұр.
"Басқа ақпараттарды тұрақты өндірісті бастай алған кезде бере аламыз. Сынау мен іске қосу процесінде біз үшін маңыздысы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның ластанбауы болып отыр", - дейді NCOC-тің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кен орнын іске қосу осы жылдың 24 қыркүйегіне жоспарланған. Бұл туралы«ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компанияның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев хабарлаған еді. «Айдың соңында Қашағаннан мұнай өндіру басталады деп сенеміз. Қарашаның ортасында коммерциялық өндіріс межесіне жетеміз деп жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, 24 қыркүйекте алғашқы мұнай өндірісін бастаймыз», — деп мәлімдеген еді Мыңбаев.
https://7kun.kz/51324/Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024