Астана. 13 маусым. 7kun.kz – Қашағанда осы уақытқа дейін 2 млн тоннадан астам мұнай мен 1 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының өкілі Сауат Мыңбаев хабарлады.
"Алдағы уақытта мұнайдың тәуліктік өндірісін арттыру мақсатында осы өңірге газ қосатын екі машина орнату жоспарланып отыр. Егер дәл қазір оның қарқыны тәулігіне 180 мың баррель болса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 370 мың баррельге дейін артады”, - деп атап өтті Сауат Мыңбаев басылымдардың біріне жариялаған мақаласында.
Қазақстанның энергетика министрлігінің мәліметінше, осы жылы Қашағаннан 5 млн тоннадан астам мұнай мен 3,1 метр куб газ өндіру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қашаған – Каспий теңізі секторында орналасқан алғашқы теңіздік мұнай-газды кен орны. Сонымен қатар, елдегі ең ірі халқаралық инвестициялық жоба. Кен орнында коммерциялық мақсатта жұмыс істеу 2016 жылдың 1 қарашасында басталды.
Ершат ТІЛЕУХАН (7)
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024