Астана. 30 маусым. 7kun.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал дәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновке 8 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
«Сот: Хасенов Сақташты 366 баптың 3 тармағы бойынша кінәлі деп танып, сегіз жыл бас бостандығынан айыру және сотталушының меншігіндегі қылмыстық жолмен немесе қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алған мүліктерін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру үкімін шығарды», - деді сот төрешісі.
Ал Решетко Елена Ивановнаға 55 бап 4 тармақ бойынша төрт жыл бас бостандығынан айыру және меншігіндегі мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 28 бап 5 және 366 тарауларында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылды.
«Жазасын өтеу орны 2017 жылдың 29 маусымынан басталып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде анықталады», - деді Әділхан Шайыхсламов.
Айта кетейік, 2016 жылдың қараша айында ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Ұлттық бюро мәліметінше, шенеунік Қазақстан аумағында ет өнімдерін заңсыз тасу бойынша қылмыстық іске рұқсат берген.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024