Экономика
Авто
«AsiaCredit Bank» АҚ Директорлар кеңесі Банк облигацияларының өтеуін төлеп алу туралы шешім қабылдады
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ активтері мен міндеттемелерін ұтымды басқару мақсатында 2018 жылдың 21-желтоқсанында Банктің Директорлар Кеңесі 1 079 995 100 дана көлемінде Банк облигацияларының өтеуін төлеп алу шешімін қабылдады. Арнаулы сауда-саттық 21-желтоқсанда Қазақстандық қор биржасының сауда-саттық жүйесінде (KASE) өтті, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Меншікті облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін төлеп алу - «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ тұрақты қаржылық ахуалы мен жоғары деңгейдегі өтімділігінің куәсі. Осылайша, Банктің жиынтық активтеріндегі өтімді активтердің үлесі тұрақты түрде 20% деңгейінде сақталып тұр. Бұл ретте k4 өтімділік коэффициенті 0,922,0 құрайды, ол реттеушінің ең төменгі талаптарынан үш есеге жоғары.
«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ капиталының жеткіліктілік көрсеткіштері 1-желтоқсанға сәйкес мынадай: k1 = 18,4% (қажетті минималды деңгейі 7,5% болуы жағдайында) және k2 = 18,2% (қажетті ең төменгі деңгейі 10% болуы жағдайында).