Алматы. 7 наурыз. 7kun.kz – ҚР Үкіметінің қаулысымен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Директорлар кеңесін премьер-министр Асқар Мамин басқарады.
Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді. ДК құрамынан Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов шығарылған.
Асқар Ұзақбайұлы Мамин – 1965 жылы 23 қазанда Астана қаласында дүниеге келген.
1996-2000 жылдары – Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары ретінде жұмыс істеді.
1998-2000 жылдары – Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі лауазымын иеленді.
2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі қызметінде еңбек етті.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.
2006-2008 жылдары – Астана қаласының әкімі болды.
2008-2016 жылдары – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті лауазымын иеленді.
2016 жылы – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2019 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан премьер-Министрі қызметіне тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024