Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Биыл ЖІӨ-нің кемінде 5% көлемінде өсуін қамтамасыз етуіміз керек. Үкімет отырысында мұндай тапсырманы премьер-министр Асқар Мамин берді.
Асқар Мамин тау-кен, химия өнеркәсібінде, машина жасауда, сауда, көлік саласында, ауыл шаруашылығында оң өсім қарқыны байқалатынын атап өтті.
Бұдан өзге, биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша қаңтар айымен салыстырғанда құрылыс, негізгі капиталға инвестициялар тарту, өңдеу өнеркәсібі, металлургия салаларында оң өсім қарқыны байқалады.
Дегенмен, кейбір өңірлер негізгі капиталға салынған инвестициялар және өнеркәсіп, құрылыс салаларындағы көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр.
Осыған орай, Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлер әкімдерімен бірге көрсеткіштерге қол жеткізбеу себептерін зерделеп, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспарлы оң өсу көрсеткішіне шығу үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
«Экономиканың тұрақты өсуі – біздің негізгі міндетіміз. Биыл ЖІӨ-нің кемінде 5% көлемінде өсуін қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін бәріміз бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет», — деді А. Мамин.
Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын игеруге қатысты өткен жылдағы проблемаларды ескере отырып, бөлінген қаражаттарды жоспарлы түрде ай сайын игеруді қамтамасыз ету жұмысын күшейту тапсырылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024