Экономика
Астана қаласына салынған инвестиция көлемі көбеюде
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бойынша Астанада қаржы орталығы құрылатын болады. ТМД мемлекеттері мен барша Орталық Азия аймағындағы қаржылық хаб елордада орналаспақ, деп жазады Bnews.kz Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, 2015 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 270646,8 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,8% артық. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,1%-ды құрады.
Инвестициялардың басым үлесі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 70,1% құрайды.
Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет каражаты - 29,8%, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты - 52,7%, банк несиелері - 5,5%, басқа қарыз қаражаттары - 12%-ды құрайды.