2015 жылдың ақпан-тамыз айлары арасында Астана қаласының тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражат мөлшері 80 732,9 млн теңге болды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарайды.
Осы жылғы салынған қаржы мөлшері өткен жылғы салынған қаражаттың 105,3% құрайды. Жыл басынан бері барлық қаржыландыру көздерінен пайдалануға 10 985 пәтер берілді. Тұрғын үйлердің жалпы көлемі 1 197 448 шаршы метр және бұл көрсеткіш 2014 жылдың ақпан-тамыз айларында салынған үйлер аумағынан 74,2%-ға көп. Осы уақытқа дейін жеке үй салушылар жалпы көлемі 31 000 шаршы метр үй салған. Жеке үй салушылардың барлық салынған үйлердегі үлесі 2014 жылдағымен салыстырғанда 5,9%-дан 2,6%-ға азайған. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың ақпан-тамыз айларындағы елордада тұрғын үйдің бір шаршы метрі 118,7 мың теңге, ал жеке үй салушылардікі 84,3 мың теңгеден саудаланған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024