Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаласының бюджеті бекітілді

Астана қаласының бюджеті бекітілді

Астана қаласының 2015 жылғы бюджеті 349,861 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Астананың бюджетті жоспарлау және экономика Басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов мәлімдеді.

Негізгі табыстан түсетін қаржы 169,194 млрд теңгені, республикалық бюджет трансферті 168,882 млрд теңге болуы қажет деп есептеліп отыр. Қосымша қаржылар әлеуметтік және инфрақұрылымды жобаларға бағытталады. Елорда көшелері мен жолдары қайта жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілер жүргізіледі. Жедел жәрдем тобы үшін жаңа көліктер сатып алынып, мектептер мен жаңа бала-бақша жобалары жалғасады.

Астана әкімінің орынбасары А.Лукиннің атап өтуінше, "Нұры жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржы бірінші кезекте қала мектептері мен жылумагистралдарының құрылысына жіберіледі. Бөлінген қаржының игерілуін қала әкімшілігі бақылайды. Бюджетті бағдарламалардың әкімшілігімен де арнайы жұмыстар жүргізіледі.

Депутаттар жаңа мектептер мен бала-бақшалар салу үшін жер алу туралы келісімдерге, әлеуметтік сала, білім беру бойынша кейбір қалалық комиссиялардың құрамын өзгерту туралы жобаларға қол қойып, мақұлдады.

 

Похожие материалы