
EXPO-2017 инфрақұрылымының негізінде "Астана" қаржы орталығы салынады. Бұл туралы ұлықтау рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Біздің еліміз Еуразияның логистикалық орталығына айналады. EXPO-2017 жоғары технологиялы инфрақұрылымының базасында арнайы статусы бар "Астана" қаржы орталығы құрылады", - деді президенті Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімі кезінде.
Еске салайық, осыған дейін Орта Азияның қаржы орталығы ретінде Алматы қаласына арнайы статус беріп, заңнама қабылдау туралы хабарланған еді.