Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - "Астана" Халықаралық қаржы орталығы эксклюзивті халықаралық қаржы орталықтарының ұйымына (Vantage Financial Centres) кірді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.
Ғаламдық қаржы орталықтарының индексі (Global Financial Centers Index (GFCI) қаржы орталықтарының бәсекелік қабілетіне қарай рейтингін анықтайды.
Vantage Financial Centres-ке Токио, торонто, Пекин мен Абу-Даби секілді танымал қаржы орталықтары кіреді.
VFC бірлескен мүшелері өз қызметтері туралы ұйымның өзге де мүшелерінің бағалауын және консультативтік кеңестер ала алады.
Одан бөлек, ұйым мүшелері ғаламдық қаржы орталықтарымен бірге түрлі халықаралық жарыстарға қатыса алады. Бұл іс-шаралар тәжірибе алмасу мен орталықтардың бәсекеге қабілеттілігін тексеруге арналған плаформа есебіне өткізіледі.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





