"Астана банкі" салымшылары ақшасын қайтару үшін жарты жыл күтуі керек
13 қараша, 2018
Алматы. 13қараша. 7kun.kz – Астана Банкінің 260 мыңнан астам клиенттері ақшасын қайтару үшін шыдамдылық танытуы керек. Қаржы мекемесінің таратылу үдерісі аяқталғанын күту 6 айға дейін созылуы мүмкін, – деп хабарлайды almaty.tv.Қазір мұнда уақытша әкімшілік жұмыс істеп жатыр, ол банк мүлкінің сақталуына кепілдік бере отырып, құжаттар мен активтерді қабылдайды және жібереді. Мекеменің ішінде жүріп жатқан үдерістерге қарамастан, клиенттер қарыз шарттары бойынша өздерінің барлық міндеттемелерін орындауға тиіс.Біріншіден, қарыздарды уақытында қайтару керек, әйтпесе айыппұл салынатын болады. Екіншіден, клиенттерге төлем карточкаларын жабу қажет. Олай болмаған жағдайда, жылдар бойы қызмет көлемі кері нәтижені көрсетеді.Банк алдындағы борышкерлер қарызды кешіктіргеніне байланысты кешірілмейтіні анық, бірақ банк салымшыларына өз ақшасын күту үшін уақыт пен шыдамдылық қажет. Кепілдік төлемге 10 млн.теңгеге дейінгі , шетел валютасында - 5 млн.теңгеге дейінгі салымдар жатады. Тағы бір маңызды жағдай - тек қана қаражат қалдығы қайтарылады,банк есептеген сыйақыларға кепілдік берілмейді.«Астана Банкі» АҚ жеке тұлғалардың 267 мың салымшысына ие, депозиттер сомасы шамамен 37 млрд. теңгені құрайды. Бұл ақша қормен кепілдендірілген. Салымы 10 миллион теңгеден асатын клиенттер 0,1 пайыздан аз. Олардың өтініштерін тарату комиссиясы қарастырады және оған біраз уақыт керек болады.«Екі айдың ішінде тарату комиссиясы банктің несие берушілерінен, оның ішінде осында салымы бар жеке тұлғалардан өтініштер қабылдайды, сауда балансын және кредиторлардың талаптарын растағаннан кейін тарату комиссиясы ақшаны «Банктер және банк қызметі туралы» заңда белгіленген тәртіппен төлейді», - дейді «Астана Банкі» АҚ уақытша әкімшілігінің басшысы Джемма Зинуллина.Экономистер қазақстандықтарға банктегі салымы қолжетімсіз болмауы үшін мынадай кеңестер береді: депозиттерге теңгемен және шетел валютасымен 50-ге 50 салым салу керек және бір банкте ұлттық валютада 10 млн-нан астам, сондай-ақ долларда - 5 млн теңгеден астам қаржы сақтамаған дұрыс.