Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы сотының «Астана» банкін мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді. Осыған байланысты қаржы институтын тарату туралы шешім уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды abctv.kz.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпараты бойынша, шағымдар 6 заңды тұлға мен 3 азаматтан келіп түскен.
Айта кетейік, қор «Астана» банкінің 275 мыңнан астам салымшысына ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша толық көлемде өтемақы төлейді. Оларға қайтарылатын қаржының жалпы көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды.
Тэги:
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





