Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы форум кезінде елордадағы жаңа қаржылық орталықтың қандай болатындығын мәлімдеді деп хабарлайды vlast.kz.
"Мен Астанада халықаралық қаржылық орталық құру туралы үкімге қол қойдым. 2017 жылы біз әлемдік ЭКСПО көрмесін өткіземіз. Белсенді түрде өте ыңғайлы обьектілер салынып жатыр. Көрм өте салысымен біз салынғаннан обьектілерді қаржылық орталыққа бергіміз келеді. Дайын кешендер де бар", - деп мәлімдеді Назарбаев.Ол Қазақстанның Дубайдағы орталықпен келіссөздер жүргізіп, "олардың заңдық жүйелерін, экономикасын және құру тәсілдерін елге көшіруге" келіскендігін атап өтті.
"Қаржылық орталық ағылшындық құқық негізінде, жеңілдікті салық режимі мен тәуелсіз қаржы сотымен құрылады. Қаржылық орталық Қазақстанның қаржылай инфрақұрылымының ядросы болатындығына сенімдіміз", - деді президент.
Сондай-ақ, Қазақстанның көптеген қаржылай институттары орналасқан Алматы қаласының "ел ішіндегі қаржылай қызмет және қаржылай серіктестікті шоғырландыру орталығы болып қала беретіндігін де" айтты.
"Бұл шараның барлығы бізді ұзақмерзімді, тұрақты дамумен қамтамасыз ету үшін атқарылып отыр. Біз осыған сенеміз", - деп қорытындылады Назарбаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024