Астана. 19 маусым. 7kun.kz - Астана - Душанбе бағытындағы алғашқы жолаушылар пойызы іске қосылды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Душанбе мен Астана арасында пойыз жүргізу туралы шешім Қазақстан мен Тәжікстанның теміржол операторлары арасындағы келісімге сай қабылданған. Қазақстандық "Жолаушылар тасымалы" компаниясының мәліметінше, бұл маршрут Астанада "Халықаралық EXPO-2017 көрмесі" өтетін кезеңде туризмнің дамуына көмектеседі.
Халықаралық пойыз маршруты Қарақалпақстан арқылы Бейнеу - Жезқазған теміржол желісімен өтеді. Пойыз тоғыз вагоннан тұрады. Ол Душанбеден әр бейсенбіде, ал Астанадан дүйсенбіде жолға шығады.
Айта кетейік, бұған дейін екі қала арасында тікелей теміржол қатынасы болмаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024