Астанада VIII Астана экономикалық форумы жұмысын бастады. Биылғы жиынның тақырыбы - "Инфрақұрылым-экономикалық дамудың драйвері" деп хабарлайды 7kun.kz.
21-22 мамыр аралығында болатын форум аясында 30 шара өтеді. Мамандар әлемдік экономиканың 2050 жылға дейінгі дамуын, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырылуы және қалалардың дамуы талқылайды. Еуразиялық интеграция мәселелері де сөз болады. Сондай-ақ, инвесторларды тарту үшін арнайы шаралар пакеті қабылданбақшы. Жыл сайын өтетін форумға танымал шетелдік ғалымдар, саясаткерлер және экономистер қатысып жатыр. Спикерлердің арасында Нобель сыйлығының лауреаты Фин Кинланд және Эрик Маскин, Гарвард университетінің профессоры Кеннет Рогофф, америкалық Forbes журналының бас редакторы Стив Форбс және Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) атқарушы директоры Дэниель Хеллер бар.
Астана экономикалық форумы (АЭФ) өзара диалог үшін халықаралық және аймақтық платоформа деп саналады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024