«Астана Экспо – 2017» Ұлттық компаниясында жемқорлыққа қарсы заң аясында кең көлемді тексеру басталды, деп хабарлайды Астанадағы дерекөзінің мәліметіне сүйенген ҚазТАГ.
«Бюджет қаржысы мен құрылысқа тартылған инвесторлар қаражаты бойынша «Астана Экспода» кең ауқымды тексеру басталды. Жемқорлыққа қарсы заңдылық мұны кез-келген уақытта жасауға мүмкіндік береді – жобалаудан бастап, коммуникацияны төсеу, қоршау мен нысандарды салуға дейін. Құрылыс департаментінің басшысы Үсеновтың ұсталуы мен кешкісін (11 маусым күні –ред.) Ермегияевтың қызметінен босатылуы бер жағы ғана, «жемісі» әлі алда...» деп атап өткен дереккөзі. Оның пікірінше компания қызметі жан-жақты тексеріледі. Еске сала кетейік, кеше Қажымұрат Үсенов үйқамаққа алынып, Президент Жарлығымен Талғат Ермегияев Басқарма төрағасы қызметінен босатылды.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





